Nur Otan фракциясы Денсаулық министрін есеп беру үшін Мәжіліске шақырды

14:46, 23 қыркүйек 2020

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәжілістегі Nur Otan фракциясы жақын күндері Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың Мемлекет басшысының коронавирус инфекциясынан зардап шеккен медициналық қызметкерлерге және қайтыс болған дәрігерлердің отбасыларына ақшалай өтемақы төлеуге қатысты тапсырмасының орындалуы бойынша есебін тыңдауға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін 23 қыркүйекте Мәжілістің жалпы отырысында коронавирус инфекциясын жұқтырған медициналық қызметкерлерге ақшалай өтемақыны уақтылы төленбеу мәселесі бойынша депутаттық сауал әзірленіп, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин оған ерекше тоқталды әрі мәселенің өзектілігі және оны тез арада шешудің маңыздылығын баса атап өтті.

- Медицина қызметкерлері ең қиын жағдайларда алдыңғы шепте жұмыс істеді. Жақын арада, біз Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды басқа мемлекеттік органдардың басшыларымен бірге COVID-19 жұқтырған медициналық қызметкерлерге, сондай-ақ коронавирустың салдарынан қайтыс болғандардың отбасыларына қаржылай қолдау көрсету туралы ел Президентінің тікелей бұйрығы неге алты айға дейін орындалмай жатқанын түсіндіру үшін Мәжілістегі Nur Otan партиясы фракциясының отырысына шақырамыз, - деді Нұрлан Нығматулин.




Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!