Непал мен Тибеттегі табиғи апаттан кейін екі қазақстандық әлі табылған жоқ — СІМ
© Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданындағы табиғи апат аймағында қалған қазақстандықтардың жағдайын бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Непал тарапының мәліметінше, ел аумағындағы іздеу-құтқару жұмыстары 5 қазанда ресми түрде аяқталған. Қазір зардап шеккен аудандарда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстар барысында табылған мәйіттер мен жеке заттардың кімге тиесілі екені анықталып жатыр.
Ал Қытайдың Тибет автономиялық ауданындағы ең көп зардап шеккен Гьиронг уезінде іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қытай тарапы мәйіттерді анықтау және генетикалық сараптама жүргізу жұмыстарын да қолға алған.
Бұған дейін Қазақстаннан барған үш турист хабар-ошарсыз кетті деген ақпарат тараған еді. Олардың екеуі Непалда, біреуі Қытайда болуы мүмкін деп болжанған.
Непалда болуы мүмкін деп есептелген қазақстандықтардың бірімен байланыс орнатылды. Оның табиғи апат болған аймаққа барудан бас тартқаны анықталған. Қазір ол Қазақстанда.
Қалған екі қазақстандықтың қайда екені әзірге белгісіз. Олардың туыстары қажетті рәсімдерден өтіп, Непал мен Қытайдың құзыретті органдары талап еткен тәртіппен ДНҚ сараптамасы үшін биологиялық материал тапсырды.
Қазақстандық дипломаттар хабар-ошарсыз кеткендердің отбасыларымен тұрақты байланыста болып, қажетті қолдау көрсетіп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:57, 25 қараша 2026
Қазақстанда қанша адам ағза трансплантациясын күтіп жүр
-
14:45, 25 қараша 2026
Фридайвингтен әлем рекордшысы 34 жасқа қараған шағында қайтыс болды
-
14:34, 25 қараша 2026
Бірге тұрған әйелін аса қатыгездікпен өлтірген қазақстандықтың жаза мерзімі ұзартылды
-
14:21, 25 қараша 2026
56 жастағы әйел шынайы ер адамдардан бас тартып, ЖИ-мен қарым-қатынасы туралы күтпеген шындықты айтты
-
14:14, 25 қараша 2026
Қазақстанда балаларға туған бауырларына дің жасушаларының доноры болуға рұқсат беру ұсынылды





