Фридайвингтен әлем рекордшысы 34 жасқа қараған шағында қайтыс болды
© Сурет: pexels
Әйелдер арасында "еркін сүңгу" (free immersion) дисциплинасы бойынша бұрын әлем рекордын орнатқан Жанин Грасмейер 34 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
kp.ru басылымының жазуынша, Нидерланд спортшысының қайтыс болғанын оның отбасы әлеуметтік желіде хабарлаған. Грасмейер 2026 жылғы 16 қарашада 33 жасында көз жұмған. Өлімінің себебі жарияланған жоқ.
2013 жылы Грасмейер 20 жасында Грекияның Каламата қаласында 90 метр тереңдікке сүңгіп, әлемдік рекорд орнатты. Сол кезде ол фридайвингтен әлем рекордын жаңартқан ең жас әйел атанды.
Алайда бірнеше күннен кейін әлем чемпионатында ресейлік Наталья Молчанова 91 метрден астам тереңдікке сүңгіп, бұл нәтижеден асып түсті.
2016 жылы Грасмейер 92 метр тереңдікке сүңгу арқылы әлемдік рекордын қайта жаңартты. Бұл нәтиже екі жыл бойы сақталды.
Еске салайық, бұған дейін "Әлем аруы – Вьетнам – 2026" байқауын ұйымдастырушылар келісім талаптарын бұзғаны үшін жеңімпаздың титулынан айырғаны белгілі болған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:57, 25 қараша 2026
Қазақстанда қанша адам ағза трансплантациясын күтіп жүр
-
14:34, 25 қараша 2026
Бірге тұрған әйелін аса қатыгездікпен өлтірген қазақстандықтың жаза мерзімі ұзартылды
-
14:21, 25 қараша 2026
56 жастағы әйел шынайы ер адамдардан бас тартып, ЖИ-мен қарым-қатынасы туралы күтпеген шындықты айтты
-
14:14, 25 қараша 2026
Қазақстанда балаларға туған бауырларына дің жасушаларының доноры болуға рұқсат беру ұсынылды
-
14:02, 25 қараша 2026
Қар неге үнемі ақ болмайды: «Қазгидромет» ауа райы туралы мифтерді жоққа шығарды





