Назарбаев Университетінің түлегі оқушыларға арналған онлайн «ұзартылған күн тобы» жобасын әзірледі

09:00, 6 желтоқсан 2019

Назарбаев Университетінің түлегі Ақжол Замбаев мектеп оқушыларына "Infinite bilim" атты қол жетімді жеке білім беру жобасын әзірледі. Оны қазақ тіліндегі мектеп пәндеріне арналған виртуалды репетитор деп санауға болады. Оның басқа онлайн курстардан айырмашылығы - бұл платформа мемлекеттік тілде жоғары сапалы білім беру видеоконтентін ұсынады. Оқуды бастамас бұрын оқушы жасанды интеллект көмегімен бағдарлама құру жолын анықтайтын тест тапсырады. Оқушы да, ата-аналар да нақты уақыт режимінде платформада үлгерімді бақылай алады.

Фото: 8bilim.kz

Қазақстанның оңтүстігіндегі ауыл мектебінің оқушысы бола отырып, Ақжол Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарына немесе шетелге оқуға түсуге мүмкіндік беретіндей дайындық ала алмады. Сапалы білім алу үшін ол қалаға көшіп, отбасынан алыс бір өзі тұрды. Кейінірек, Назарбаев Университетінің биолог-студенті болған кезінде, Ақжол өзінің құрдастары сияқты репетитор қызметін атқарды. Дәл сол кезде ол өзі тап болған және университетке түсуді армандайтын көптеген балалар бастан кешкен білім беру мәселелері туралы жиі ойлана бастады.

Фото: 8bilim.kz

Қазақстандағы білім алудың қол жетімділігін зерттей отырып, Акжол досы Камал Даниярмен бірге команда құрып "Infinite bilim" жобасын әзірледі. Идеяны инноваторларға өнімнің алғашқы нұсқасын жасауға, орауға және әлеуетті инвесторларға ұсынуға көмектесетін Назарбаев Университетінің бизнес-инкубаторы қолдады.

Бүгінгі таңда 5-6 сыныптардың 850 оқушысы "Infinite bilim" жобасы бойынша білім алуда. Команда STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) пәндерін және барлық мектеп сабақтарын оқыту бағдарламасын әзірлеуді және халықтың әлеуметтік осал топтарының оқушыларына тегін қол жетімділікті қамтамасыз етуді жоспарлап отыр!


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!