Наурыз Special: Kaspi.kz пен OYU мерекелік шығарылымды қалай түсірді
© Сурет: Алексей Попов
OYU музыкалық жобасы Kaspi.kz инновациялық компаниясының қолдауымен бүкіл қазақстандықтарға арнап Наурызға ерекше құттықтау әзірледі. Көктем, махаббат, мейірім мен қазіргі замандағы дәстүрлер жайлы жарқын әрі жылы музыкалық видеоның тұсаукесері Наурыз мерекесі күндері өтті.
Бейнеқатар төрт композициядан тұрады. Әрқайсысы музыка, вокал және бидің көмегімен Наурыздың мәнін ашады.
Сәбира Жомарт, креативті продюсер:

Сурет: Алексей Попов
"Көктемнің өзі — бір мереке. Әдемі костюмдер, ұлттық ойындар, ұлыттық ас — осы сәтті сахнаға шығарып, жаңа форматта бейнелеуді мен де, режиссер Сабина Абдималик те қалап едік. Табиғатта түсіруге де болар еді, бірақ сахна шығармашылыққа көбірек еркіндік береді. Сол себепті біз сахналық форматты таңдадық".

Сурет: Алексей Попов
Бірінші күй орындалуы тиіс еді — біз дәл солай жасадық. Композициялар эмоционалды жағдайымызды жеткізеді: қыс артта қалды, көктем келді, құстардың әні естіледі, күн жарқырайды, жаңа тыныс пайда болады. Ал видеоның соңында — жарқын мерекелік финал.

Сурет: Алексей Попов
Ең қызығы — түсірілім табиғат аясында емес, Алматы театрының павильонында өтті. Мұндағы атмосфера әсерлі. Бүкіл ауыл мерекеге жиналғандай. Бәрі тып-тыныш, демін ішіне тарта отырып, Төлеген Момбековтің күйін дәулескер күйшінің орындауында тыңдады.
Ержан Жаменкеев, күйші:

Сурет: Алексей Попов
"Түсірілім кезінде "Бозінгеннің бүлкілі" күйін орындадым. Керемет әсер алдым! Нағыз қазақы атмосфера: аға-апаларымыз, жастар жиналды. Қазақ мәдениетінің рухы сезілді".
Сахнада таулар, дала, күн, күннің шығуы мен батуы — мұның бәрін қоюшы-суретшілер тобы жасады. Нәзира Байбекованың айтуынша, табиғи түсірілім мен ландшафтты сахнада бейнелеу оңай болмаған.
Нәзира Байбекова, қоюшы-суретші:

Сурет: Алексей Попов
"Біз дала бейнесін жасағымыз келді. Ол үшін ең қолайлы материал — газон болды. Оны сары түске боядық. Таулар ағаш құрылым негізінде жасалды, тегіс бетке сынған пішін беру қиын болды, бірақ бар күшімізді салдық".
Екінші композиция ретінде Роза Рымбаеваның "Көктем шақырады" әні таңдалды. Бұл туындыны әнші Yenlik орындады.
Бұдан кейін сахнаға "Steppe Sons" тобы шығып, халық әні "Қамажайды" орындады.
Мұратбек Раманқұлов, Steppe Sons тобы:

Сурет: Алексей Попов
"Бұл — қазақтың халық әні. Біз, "Steppe Sons" тобы, оны өз стилімізде, түрлі жанрларды қосып орындадық. Алдымен дәстүрлі және шығыс әуендерінен бастаймыз, кейін драйвқа көшеміз. Осындай жобаны жүзеге асырған Kaspi.kz-ке алғысымыз шексіз. Бұл — музыканттар үшін, бүкіл команда үшін үлкен серпін. Kaspi.kz-тің жастар мен мәдениетті қолдауы — керемет нәрсе".

Сурет: Алексей Попов
Шығарылымды көпшілік сүйіп тыңдайтын, елге кең тараған "Наурыз" әні аяқтайды. Оны "Alpha" тобы орындайды. Олар финалдық қойылым жауапкершілігін шын сезінгендерін айтады. Мерекелік көңіл-күйді жеткізу үшін барын салған. Бірден бала кездерін, отбасымен Наурызды атап өткен күндерді еске түсірген. Музыкалық супервайзер Роберт Зиганшин музыкалық концепцияның біртұтас болуын қабдағалағынын айтады.
Роберт Зиганшин, музыкалық супервайзер:

Сурет: Алексей Попов
"Біз көз алдымызға нағыз ауылды елестеттік: тоқсаныншы жылдардағы дастархан басында отырған отбасылар, достар, микрофонмен ән салып тұрған адам, жылы әрі отбасылық атмосфера. Кейін басқа нұсқаны — экраннан көрермен көрген қазіргі нұсқаны ойластырдық. Ұлттық аспаптарға жақын нұсқаны таңдадық, 20 адамнан тұратын хорды шақырдық, бәрі сәтті шықты! Kaspi.kz бұл идеяны қолдағанына қуаныштымыз. Өнер өз бетінше өмір сүре алмайды, оған әрдайым меценаттар, қолдаушылар керек".
Марк Котоконов, "Qara Studios" продюсері:

Сурет: Алексей Попов
"Мұның бәрі Kaspi.kz-тің арқасында жүзеге асты. Осындай ауқымды идеяларымызды жүзеге асыруды қолдағанына алғыс айтамыз. Өйткені мұндай жобаны жүзеге асыру, мысалы, бізде шамамен 170 адам жұмыс істеді, үлкен күш керек. Біз алға қадам жасай береміз, алда жазғы фестивальдер".

Сурет: Алексей Попов
Мерекелік шығарылымды Kaspi.kz және OYU-дың YouTube-арналарынан көре аласыздар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:18, 8 сәуір 2025
Павлодар облысында 8 жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалған жігіт іздестіріліп жатыр
-
17:53, 8 сәуір 2025
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
-
17:24, 8 сәуір 2025
Алматыда жануарларды тегін ұрықсыздандыру бағдарламасы басталды
-
17:17, 8 сәуір 2025
Пхукет - Алматы рейсінде Ресей азаматы дәрет сындырғаны үшін жазаланды
-
17:06, 8 сәуір 2025
СҚО-да қарақшылық жасады деген күдікпен Моңғолия азаматы кіздестіріліп жатыр
Танымал жаңалықтар
-
20:58, 7 сәуір 2025
-
21:00, 7 сәуір 2025
-
22:14, 7 сәуір 2025
-
20:42, 7 сәуір 2025
-
22:52, 7 сәуір 2025
-
18:50, 7 сәуір 2025
-
18:38, 7 сәуір 2025
-
19:16, 7 сәуір 2025
-
20:13, 7 сәуір 2025
-
19:53, 7 сәуір 2025
-
19:53, 7 сәуір 2025
-
19:30, 7 сәуір 2025
-
10:35, 8 сәуір 2025
-
09:02, 8 сәуір 2025
-
10:24, 8 сәуір 2025