Алматыда жануарларды тегін ұрықсыздандыру бағдарламасы басталды

17:24, 8 сәуір 2025

© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы 1 сәуірден бастап Алматыда үй жануарларын тегін ұрықсыздандыру және піштіру бағдарламасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бағдарламаға ветеринарлық төлқұжаты мен деректер базасына тіркелуге арналған микрочипі бар жануарлар қатыса алады. Егер болмаса, клиникалардан қосымша ақыға алуға болады.

Ит пен мысықты ұрықсыздандыру 7 айдан 9 жасқа дейін, ал піштіру 6 айдан 9 жасқа дейін жүргізіледі.

Қызметке тіркеу, алдын ала тексеру, наркоз мөлшерін есептеу, ота жасау, қауіпсіз материалдарды пайдалану, отадан кейінгі бақылау және жануардың жағдайын стационарда кемінде 10 сағат бақылау кіреді.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Отадан кейінгі 3 күн ішінде иелеріне жануардың жағдайы туралы телефон арқылы ақпарат беріледі және тігілген жердің жағдайы отадан кейінгі 10–12 күні тексеріледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!