Пхукет - Алматы рейсінде Ресей азаматы дәрет сындырғаны үшін жазаланды

17:17, 8 сәуір 2025

© Сурет: pixabay

Пхукет - Алматы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұшақ бортындағы қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушыны акт бойынша түсіріп, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында көлік полицейлері Ресей Федерациясының 42 жастағы азаматын анықтады. Ол масаң күйінде болып, салондағы өз орнында кіші дәретін сындырған.

Құқық бұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірден екі бабы, яғни алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу және ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалады.

Осы жылдың бірінші тоқсанында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 21 441 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 1 648, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 163 факті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!