Найзағай, жауын-шашын: барлық дерлік өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

© Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 24 сәуірде елдің барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с болады.
Ақмола облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Астанада солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, батысында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.
Алматыда күндіз найзағай күтіледі, найзағай кезінде екпінді жел 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының түнде солтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысынның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел күтіледі, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-дейін жетеді.
Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Шымкентте түннің бірінші жартысында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:20, 9 ақпан 2025
27 градусқа дейін аяз, бұрқасын мен тұман: Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жасалды
-
16:56, 9 ақпан 2025
Алматыда көшенің қақ ортасында көлік өртеніп кетті
-
16:15, 9 ақпан 2025
Алматыда қоймадан өрт шықты
-
15:56, 9 ақпан 2025
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты
-
14:38, 9 ақпан 2025
Ақтөбе облысында 13 ірі қара мал тиелген көлік қар құрсауында қалып қойды