Қазақстанда болат дайындамаларын шығаруға тыйым енгізілді
© Фото: primeminister.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 30 сәуірде болат дайындамаларын шығаруды реттеудің кейбір мәселелері туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, Қазақстан аумағынан барлық көлік түрлерімен алты ай мерзімге болат дайындамаларын шығаруға тыйым енгізіледі:
- құйма немесе басқа бастапқы формадағы темір және легирленбеген болат (7203 тауар позициясындағы темірден басқа);
- темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар;
- тот баспайтын болаттың құйма немесе басқа бастапқы формалары, тот баспайтын болаттан жасалған жартылай фабрикаттар;
- басқа да легирленген болат түрлерінің құйма немесе басқа бастапқы формалары, сондай-ақ олардан жасалған жартылай фабрикаттар.
Тыйым домна-конвертер әдісімен өндірілген болат дайындамаларын шығаруға қолданылмайды. Бірақ ол үшін 2026 жылғы 27 наурыздағы "Домна-конвертер әдісімен өндірілген болат дайындамаларының жекелеген түрлерін экспорттауға айрықша құқық беру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес берілген айрықша лицензия болуы қажет.
Бұйрық 2026 жылғы 17 мамырдан бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:04, 8 мамыр 2026
8 мамырдағы саудада доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
-
15:48, 8 мамыр 2026
Экономика өскенімен, халықтың табысы артпай отыр - Жұманғарин себебін түсіндіріп берді
-
15:34, 8 мамыр 2026
Жұманғарин газ бағасының көтерілгенін мәлімдеді
-
15:20, 8 мамыр 2026
Жаңа Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер қашан қабылданады
-
14:49, 8 мамыр 2026
Қазақстанда жалақы қорына түсетін қаржылық жүктеме азайтылмайды





