Найзағай мен нөсер жаңбыр: қазақстандықтарға 8 қыркүйектегі қолайсыз ауа райы туралы ескертілді

17:29, 7 қыркүйек 2026
MKZ: 1565616

© Фото: unsplash

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 8 қыркүйек, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, кең ауқымды антициклон ел аумағындағы ауа райына әсерін жалғастырады. Осыған байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, негізінен құрғақ ауа райы сақталады.

Сонымен қатар батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік өңірлердің кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде елдің батысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Сондай-ақ бұршақ жауып, желдің екпіні күшеюі ықтимал.

Бұдан бөлек, республика бойынша желдің күшейетіні болжанып отыр.

Түнгі және таңертеңгі уақытта елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде кей жерлерде тұман түседі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!