Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Иран арасындағы келісімге қатысты пікір білдірді
© Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Иран Ислам Республикасы арасында қол жеткізілген келісімге қатысты өз пікірін білдірді.
2026 жылғы 15 маусымда Мемлекет басшысы өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында аталған уағдаластықтарды құптайтынын жеткізді.
"Халықаралық ахуал күрделі қазіргі кезеңде аймақ және әлемдік қоғамдастық үшін мұндай келісімнің маңызы зор. Біз тараптардың саяси ерік-жігерін жоғары бағалаймыз. Бұл өзара сенімді қалпына келтіріп, екі жаққа да тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Сын сәтте батыл әрекет етіп, стратегиялық көрегендік танытқан АҚШ Президенті Дональд Трамптың көшбасшылығын ерекше атап өтеміз. Сонымен қатар Иран Ислам Республикасы жетекшілігінің конструктивті ұстанымын қуаттаймыз. Қазақстан осы бейбіт келісімге қол қою Таяу Шығыста және одан тысқары жерлерде бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік негізін қалайтынына сенім артады", – деп жазды Мемлекет басшысы X парақшасында.
2026 жылғы 14 маусымда АҚШ пен Иран арасында бейбіт келісімге қол жеткізілгені белгілі болды. Тараптар келісімге ресми түрде 19 маусымда қол қоюды жоспарлап отыр.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
"Иран Ислам Республикасымен келісім жасалды. Баршаңызды құттықтаймын! Осы шешімге сәйкес Ормуз бұғазы арқылы еркін кеме қатынасына толық рұқсат беріледі. Сонымен қатар АҚШ-тың әскери-теңіз блокадасын дереу тоқтатуға тапсырма бердім. Әлем елдерінің кемелері еркін қозғала алады. Мұнай тасымалы қалыпты режимде жалғассын", – деп жазды Трамп.
Айта кетейік, Ормуз бұғазы әлемдік мұнай тасымалының негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Сарапшылардың пікірінше, АҚШ пен Иран арасындағы бұл келісім халықаралық қауіпсіздікке, өңірлік тұрақтылыққа және жаһандық энергетикалық нарыққа оң әсер етуі мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:11, 15 маусым 2026
Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік апат: сотта Zeekr жүргізушісінің алған жарақаттары жарияланды
-
13:40, 15 маусым 2026
Ақтөбеде полиция жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін дрондарды қолдануда
-
13:21, 15 маусым 2026
Мемлекет басшысы АҚШ Қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі атқарушы директорын қабылдады
-
13:16, 15 маусым 2026
«Заңға бағынатын азаматтарға алаңдауға еш негіз жоқ» – журналист әкімшілік айыппұлды сынаушыларға жауап берді
-
12:53, 15 маусым 2026
Атырауда жол сақшылары төрт күн ішінде 330-ға жуық құқық бұзушылықты анықтады





