Надыров шынын айтты: Жағдайдың ушыққаны рас, бірақ бәрі бақылауда...

12:35, 25 маусым 2020

Алматыдағы КВИ-мен байланысты жағдай ушығып тұр, бірақ бәрі бақылауда. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Соңғы бір аптаның ішінде ауруханаға жатқызу мен жедел жәрдем қызметіне түскен қоңырау саны екі есеге артты. Көбісі 20-29 жас аралығындағы жастар. Бұл жастағы ауруды жұқтырғандар 35% құрайды, 60 жастан асқан адамдар төрт есе аз - 9%, - деді ол ОКҚ-да өткен брифингте.

Қазір ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастардың саны артуда. Бұл қант диабеті, гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және осы секілді басқа қосалқы аурулары бар науқастардың өсуіне байланысты.

Аурудың ауырлығы мен науқастардың жасының арасындағы байланыс та айқын көрінеді. Ауыр және өте ауыр науқастардың 80% -дан астамы - 60 жастан асқан адамдар.

Бүгінгі таңда Алматыда жасанды тыныс алу аппаратына - 11, механикалық аппаратқа 15 науқас қосылған.

Қаладағы 14 медициналық ұйым коронавируспен күреске тартылды: бұл - 2 050 орындық 10 жұқпалы аурулар станционар (№1 Қалалық клиникалық ауруханасы, қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, Орталық қалалық клиникалық ауруханасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығы, Модульдік аурухана, №1 MM0, Фтизиопульмонология орталығы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ауруханасы, Қорғаныс министрлігінің ауруханасы және теміржол ауруханасы, Жедел медициналық жәрдем ауруханасы, №1 Қалалық клиникалық ауруханасы ҚР ІІМ ауруханасы базасындағы 3 станционар, жалпы сыйымдылығы 909 орындық және 429 орындық екі карантиндік ұйым.

Маусым айының басынан бастап 2 132 науқас жұқралы аурулар станционарларына жатқызылды, 646 адам емделіп, аурудан жазылды, 494 адам амбулаториялық емдеуге жіберілді. Күн сайын 100-ден астам науқас жұқпалы аурулар ауруханаларына жатқызылады. Клиникалар үлкен жүктемемен жұмыс істеуде. Жұқпалы ауруханалардың қамтылу деңгейі шамамен 85% құрайды, - деді Надыров.

Сондай-ақ ол пандемияның екінші толқыны туралы айтты.

Инфекцияның жаңа толқынына дайын болу үшін біз дәрігерлердің, орта және кіші қызметкерлердің қосымша топтарын құрдық. Волонтеррлар мен резидент дәрігерлерді тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауының арқасында еліміздің жетекші мамандары үнемі инфекциялық қауіпсіздік және жаңа клиникалық диагностикалық хаттамаларды зерттеу және емдеу мәселелері бойынша онлайн режимінде біліктілікті арттыру курстарын өткізеді. Бұл жерде біздің дәрігерлер КВИ-ді емдеудің заманауи және озық әдістерін басшылыққа алатындығын атап өте кеткен жөн, - деп сөзін қорытындылады Надыров.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!