Мысырда әуежайда болған қайғылы оқиға: зардап шеккен қазақстандықтардың саны артты

16:44, 18 мамыр 2025

© Сурет: Zakon.kz

2025 жылы 18 мамырға қараған түні Қазақстан азаматының қазасына түрткі Мысыр әуежайында болған қайғылы оқиғаға қатысты SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуе тасымалдаушы компания мәліметінше, билборд құлаған кезде өздеріне тиесілі рейске қазақстандықтар тіркеуден өтіп жатқан, оқыс оқиғаның салдарынан төрт адам зардап шеккен.

"Екі жолаушы ауруханаға жатқызылды, тағы екеуіне медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олар қонақүйде", - деп түсіндірді SCAT баспасөз қызметі.

Әуе компания Шарм-еш-Шейх әуежайымен және туроператорларымен үнемі байланыста екендіктерін, сондай-ақ зардап шеккендерге зор өкініш білдіре отырып, қолдау танытатындарын жеткізді.

Бұған дейін оқырмандар Zakon.kz-ның Telegram арнасының чат-ботына трагедия болған орнынан түсірілген видеолар мен фотосуреттерді жолдаған. Оған сүйенсек, оқиғадан кейін ол арада қандай да бір жанжал болғанға ұқсайды.

Бұған дейін 2025 жылғы 18 мамырға қараған түні Шарм-еш-Шейх әуежайында қазақстандық туристің қаза тапқаны белгілі болды. Астанаға қатынайтын Dv5270 рейсін күткен бір жолаушы үстіне билборд құлаған. Сондай-ақ екі әйелдің зардап шеккені айтылады. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан адамның туыстарымен байланыс орнатқанын, консульдық оларға барлық мәселе бойынша көмектесетінін мәлімдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!