Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін білесіз бе

01:51, 6 желтоқсан 2023

© Сурет: pixabay

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері қыс мезгілінде мұздың үстінде ескеруіңіз керек бірнеше ережені еске салады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін мына қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауыңыз жөн:

  • Мұздың қалың екеніне сенімді болмасаңыз, оған шықпаңыз! Аяз болып, мұздың қалыңдығы 7-10 сантиметрге жетпейінше, оны қалың деп есептеуге болмайды. Ал су айдынының үстімен жүруден басқа амал болмаса, байқап өткеніңіз дұрыс;
  • Кеш батқанда, қараңғыда немесе айнала дұрыс көрінбей тұрған кезде де (тұман, қар, жаңбыр болса) мұзға шықпаңыз;
  • Мұздың беріктігін аяқпен теуіп немесе басқа да заттармен тексермеңіз. Егер бөрененің немесе шаңғы таяқшасының алғашқы қатты соққысынан кейін аздап су пайда болса, бұл мұздың жұқа екенін аңғартады. Мұндай кезде аяғыңызды мұздан көтермей, қадамдап немесе жорғалап жағаға қарай дереу жетуіңіз керек;
  • Балаларды ересектердің қарауынсыз су айдынының жанына жібермеңіз. Ойынқұмар балалар оқыс жағдайға жиі тап болып жатады. Сол себепті ересектер олардың есіне сақтық шараларын үнемі салып отыруы қажет.

Балық аулаушылар кейде су айдындарындағы мұздың қауіпті екенін елемей, су қоймаларына жәшіктері мен мұзды бұрғылау құралдармен барып жатады. Бұл кезде де мұздың әбден қатқанына, оның қауіпсіз екенін көз жеткізгеніңіз маңызды.

Балық аулауға қатысты тағы бір мәселе - көлікпен мұзға шығу.

Мұздың үстінде көлікпен, мотоциклмен, квадроциклмен және басқа да көлікпен мұздың қалыңдығы 70 сантиметрден асқанда ғана қауіпсіз болады. Ал енді ғана қатып келе жатқан су айдынының мұзды қабаты мұндай ауыр салмаққа төтеп бере алмайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!