Мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер цифрлық форматқа көшіріледі
© Фото: freepik
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірқатар бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжат жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжат мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, өтініштерді қабылдаудың цифрлық тетіктерін енгізу, формалды себептермен өтінішті қабылдаудан негізсіз бас тарту жағдайларын болдырмау және анықталған кемшіліктерді өтінішті қайта бермей-ақ түзетуге мүмкіндік жасау көзделген.
Түзетулер қабылданған жағдайда:
- өтініштерді қабылдау және қарау тиімділігі артады;
- формалды себептермен өтініштерді қабылдаудан бас тарту жағдайлары азаяды;
- әкімшілік кедергілер мен қызмет алушылардың қайта жүгіну саны қысқарады;
- анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін мемлекеттік қызметті көрсету уақытша тоқтатылып, кейін қайта жалғастырылады;
- цифрлық құралдарды қолдану арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артады.
Құжат "Ашық НҚА" порталында 16 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:46, 2 қыркүйек 2026
Брижит Макронның 42 жастағы қызы өзінен 20 жас кіші студентпен қарым-қатынас құрды
-
12:31, 2 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады
-
12:25, 2 қыркүйек 2026
АҚШ-та қазына іздеушілер 38 жыл бойы көл түбінде жатқан сақинаны тауып, оны иесіне қайтарып берді
-
12:16, 2 қыркүйек 2026
Ғаламда жұлдыздар азайып барады: ғалымдар себебін анықтады
-
12:05, 2 қыркүйек 2026
Танымал үнді әншісін атып кеткен күдіктілер полицияның қолынан қаза тапты





