Мүгедек қыз зорланған интернат басшысы қызметінен кетті
Шымкентте "ұзақ жылдар бойы мүгедек қыз зорланған" деп айтылған орталықтың басшысы ақыры жұмыстан кетті, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
№2-ші әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын 9 жыл басқарған Мырзахан Жолтаев атышулы істен кейін өз еркімен қызметтен босаған. Қазір, басшылықтың міндетін орынбасары уақытша атқарып отыр.
Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысының орынбасары Нұрғали Егембердиев мәлімдеді. Оның сөзінше, әлеуметтік желіде мүгедек қыздың зорланғаны туралы ақпарат шығысымен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан тексеру жүргізілген. Бірқатар кемшіліктер анықталған.
Нұрғали Егембердиев, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысының орынбасары:
Сол мекеменің ішінде, мүгедектігі бар жандарға арналған арнайы жабдықталған көлік. Ол көлік қазір, мекемеде жоқ. Қазір, бюджеттік өтінім рәсімделді. Және де асханадағы қол жуу раковинасы жоқ. Оған да қосымша бюджетке өтінім тапсырылды. Ал, басқа да кемшіліктер сол кезде жойылды толығымен.
Ал, мүгедек қызды зорлау дерегі бойынша қалалық полиция департаменті тергеу амалдарын тағы бір айға созғаны белгілі болды. Тергеу құпиялығына байланысты, жариялауға жатпайды деді басқарма басшысының орынбасары. Белгілісі, мекемеде 2010 жылдан бері еңбек еткен және жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлерді түгел тексеріп жатыр екен. Еске сала кетейін, жуырда Шымкент қаласының тұрғыны 1992 жылы туылған қызын Шымкенттегі №2-ші әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкерлері жылдар бойы зорлап келгенін айтқан еді. Және олар бұл қылмысын жасыру үшін қыз балаға спираль салып қойды деп айыптаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:26, 17 сәуір 2026
Қазақстандық спортшы Өзбекстандағы әлем чемпионатында медаль қорын толықтырды
-
20:00, 17 сәуір 2026
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
-
19:51, 17 сәуір 2026
Алматыда жаңбыр қашан тоқтайды: синоптик болжамы
-
19:32, 17 сәуір 2026
Шаруа қожалығына арналған жерге иттерге баспана салған: Жамбыл облысындағы оқиғаға сот қандай шешім шығарды
-
18:56, 17 сәуір 2026
Қытайда қазақстандық дзюдошы Азия чемпионы атанды





