Моңғолия Парламентінің депутаты болған қандастарды Зауытбек Тұрысбеков құттықтады

21:37, 26 маусым 2020

Моңғолияның Парламент сайлауында депутаттыққа сайланған үш қазақ - Бәделхан Қабдісіләм, Әубәкір Тілеухан және Бейсен Бұланұлының атына Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының атынан және жеке өз атымнан Моңғолия үшін тарихи маңызы бар сайлаудағы жеңісіңіз бен шын жүректкен құттықтаймын. Сайлау нәтижелері Сіздің қоғамдағы беделіңіздің, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді еңсеруге бағытталған саясатыңызға көрсетілген кең қолдаудың айқын дәлелі болды. Қазақстан мен Моңғолия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық деңгейіндегі қарым-қатынастар нығая түсетініне кәміл сенемін. Сізге зор денсаулық, жаңа қызметіне толағай табыс, ал Моңғол халқына бейбіт өмір мен құт-береке тілеймін, - делінген хат мәтінінде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!