Молдова ТМД-дан ресми түрде 2027 жылдың сәуірінде шығады

17:07, 15 сәуір 2026

© Сурет: pixabay

Молдова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрамынан 2027 жылғы 8 сәуірде ресми түрде шығады. Бұл шешім Минск қаласындағы ұйым хатшылығына жіберілген ресми хабарламадан кейінгі 12 айлық мерзімнің аяқталуына байланысты қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Молдова вице-премьері Михай Попшой 2026 жылғы 15 сәуірде мәлімдегендей, келісімдерді денонсациялау туралы құжаттарға қол қойылып, олар 2026 жылғы 8 сәуірде "Ресми мониторда" жарияланған. Сол күні Минскідегі хатшылыққа ресми түрде хабарлама жолданған.

Оның сөзінше, бұл хабарламаның қабылданғаны расталған. Осылайша, халықаралық құқық нормаларына сәйкес, 12 ай өткен соң – 2027 жылғы 8 сәуірден бастап Молдова ТМД құрамына кірмейді.

Сонымен қатар, ол елдің кейбір экономикалық келісімдерге қатысуын жалғастыратынын айтты.

Moldpres агенттігінің мәліметінше, соңғы екі жылда Молдова ТМД аясындағы келісімдердің өзектілігі мен тиімділігін қайта қарау жұмыстарын жүргізген. Жалпы 283 келісімнің 71-і күшін жойған, ал шамамен 60 келісім әлі қаралу үстінде.

Бұған дейін Балиде туристерге бағытталған шабуыл жиілеп кеткенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!