Мойнынан пышақталған әйел комаға түсті: туыстары күдіктінің бостандықта жүргенін айтты
© Фото: pixabay
Алматы тұрғыны пышақтан ауыр жарақат алды. Оның туыстары күдіктінің бостандықта жүргенін айтып, дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зардап шеккен Викторияның әпкесі Евгения бұл туралы Instagram парақшасында жазды.
"Әлеуметтік желіде осындай жазба жариялап, жұрттан көмек сұраймын деп ешқашан ойлаған емеспін. Менің сіңлім – Виктория Мунировна Тюняева. Ол өз күйеуінің қатыгез шабуылына ұшырады. Екеуі ресми некеде болған. Оқиға салдарынан сіңлімнің мойнына сұғылып-кесілген жарақат түсті. Қазір ол ауруханада өте ауыр жағдайда, комада жатыр. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Осы дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеуді Алматы қаласы Түрксіб ауданының тергеу бөлімі жүргізіп жатыр. Ең қорқыныштысы – сіңлімнің жағдайына қарамастан, күдікті бостандықта жүр. Бізге белгілі мәлімет бойынша, әзірге оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы – "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша сараланған", – деп жазды ол.
Іске араласқан қоғам белсенділері Полиция басқармасына зардап шеккен әйелдің әпкесі мен олардың адвокатын кіргізбей отырғанын мәлімдеді.
"Бізге белгілі жалғыз нәрсе – ол бостандықта жүр, ауруханаға келіп, жөргек әкеледі. Қауіпті болуы мүмкін екеніне қарамастан, оның Викторияға баруына мүмкіндік берілген. Әпкесі eOtinish арқылы Президент Әкімшілігіне, ІІМ мен прокуратураға шағым жолдады", – деп жазды қоғам белсендісі.
Оның мәліметінше, Виктория жексенбіден дүйсенбіге қараған түні жараланған. Оның кеңірдегі мен мойындырық венасы кесіліп, екі операция жасалған. Магниттік-резонанстық томография миының ауқымды ишемиясын көрсеткен.
27 тамызда Евгения полициядан ақыры хабарласып, тергеушінің телефон нөмірін бергенін айтты.
"Қоңырау шалғанымда, күліп: "Ертең немесе бүрсігүні келіңіз", – деді", – деп сипаттады ол тергеушімен болған әңгімені.
Ал оның сіңлісі әлі күнге дейін ес-түссіз жатыр. Евгенияның айтуынша, дәрігерлер әзірге ешқандай болжам бермеген.
Материал жарияланған сәтте Алматы қаласының Полиция департаменті бұл іске қатысты түсініктеме берген жоқ.
21 тамызда Алматыда ер адамның өз енесіне жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны хабарланған еді. Ол жағдайда да зардап шеккен әйелдің туыстары прокуратураның араласуын талап етті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:39, 28 тамыз 2026
Сәтбаев қаласында тазалық акциясы өтті
-
15:32, 28 тамыз 2026
Ерлан Қарин: Конституциялық реформа мен сайлау үлкен саясатқа жаңа тұлғалардың келуіне жол ашты
-
15:20, 28 тамыз 2026
Әйелін өлтірмек болған ер адам анасын құтқаруға келген өгей ұлын пышақтап өлтірді
-
15:13, 28 тамыз 2026
Таиланд заң бұзған шетелдіктерді депортациялау тәртібін күшейтті
-
15:02, 28 тамыз 2026
Айбек Дәдебай Қазақстан Құрылтайының төрағасы болып сайланды





