Қаңтар айында ҰБТ тапсыратындар үшін маңызды ақпарат
© Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 2025 жылғы 22-30 желтоқсан аралығында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 2026 жылғы 10 қаңтар - 10 ақпан аралығында өтеді.
Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:
- орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
- шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
- өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);
- ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар (қандастар);
- шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары);
- Жоо-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар;
- ЖОО-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.
Тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.
Тестіленушілер ҰБТ-ға өтініш беру кезінде тестілеу өтетін пункті, күнді және уақытты өз еркі бойынша таңдайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті
-
18:32, 19 желтоқсан 2025
Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижелері
-
18:21, 19 желтоқсан 2025
Цехтағы ірі өрт: Шымкентте медициналық керек-жарақтар өртенді
-
18:16, 19 желтоқсан 2025
Ақтөбеде колонияға майонездің ішіне телефон жасырып өткізбек болған





