Михаил Шайдоров жаңа бағдарламасымен жанкүйерлерін тәнті етті

09:54, 18 қыркүйек 2026
MKZ: 1567520

© Сурет: instagram/mikhail_shaidorov

Мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Instagram желісінде өзінің жаңа бағдарламасынан үзінді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 17 қыркүйекте қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров өзінің парақшасында 2026/2027 жылғы маусымға арналған жаңа қысқа бағдарламасынан үзінді жариялады. Спортшы видео астына қысқаша жазба қалдырған:

Vamos celebrar a vida! (Өмірді тойлайық!)

Жанкүйерлер мәнерлеп сырғанаушының жаттығу кезіндегі кадрларына тамсанып, түрлі пікірлерін білдірді:

"Біз бұл сәтті күтіп жүрміз! Миша, бәрі ойдағыдай болады".

"Керемет! Жаңа маусымда жолың болсын, Миша".

"Бағдарламаның толық нұсқасын асыға күтемін".

"Қандай керемет! Қандай әдемі қимылдар! Музыка таңдауы да ерекше әрі тамаша!"

Айта кетейік, Михаил Шайдоров Словакияның Братислава қаласында өтетін халықаралық Nepela Memorial турниріне қатысады. Жарыс 24-27 қыркүйек аралығында өтеді және 2026/27 жылғы маусымдағы ISU Challenger Series сериясына кіреді.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!