Адам құқығы, жеке деректерді қорғау: Депутат Конституциядағы негізгі олқылықтарға тоқталды
© Сурет: Telegram/konstituciyalikreforma
Конституциялық комиссияның екінші отырысында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды кезең-кезеңмен талқылау басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отырыстың барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева бірінші отырыс қорытындысы бойынша дайындалған салыстырмалы кестені таныстырып, Преамбула мен 1-39 баптарды жүйелі түрде қарауды ұсынды.
Ұсынылған өзгертулер конституциялық құрылымның негіздерін нақтылау және нығайтуға, нормалардың құқықтық анықтығын арттыруға, сондай-ақ құқық қорғау механизмдерін күшейтуге бағытталғаны айтылды. Арнайы назар Преамбуланың мән-мағынасына және қазіргі әлеуметтік үрдістерді ескере отырып, конституциялық нормаларды жаңарту қажеттілігіне аударылды.
"Конституцияның Преамбуласы – бұл тек кіріспе емес, Негізгі заңның идеялық-моральдық өзегі, мақсатты айқындайтын және мемлекеттің даму бағытын белгілейтін негізгі бағдар", – деді Снежанна Имашева.
Одан кейінгі талқылау Конституцияның I және II бөлімдеріндегі нормаларға қатысты болды, соның ішінде құқықтық және зайырлы мемлекет принциптерін бекіту, адам қадір-құқығын, өмір сүру құқығын, жеке еркіндік пен тұлғаның қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ жеке өмір мен жеке деректерді қорғау мәселелері қаралды. Сонымен қатар конституциялық принциптердің нормативтік мәртебесін күшейту және олардың практикалық қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Сурет: Telegram/konstituciyalikreforma
"Ұсынылып отырған өзгерістер конституциялық нормалардың қолданылу тиімділігін арттыруға және олардың түсіндірілуіне біртұтас тәсіл қалыптастыруға бағытталған", – деп айтылды отырыс барысында.
Сонымен қатар, адами капиталды, білім беруді, ғылым мен мәдениетті дамыту, әлеуметтік кепілдіктерді күшейту, қоршаған ортаны қорғау және отбасының құқықтарын сақтау сияқты бастамалар қаралды. Ұсыныстарды қарау кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады және Конституциялық комиссияның келесі отырыстарында жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:43, 26 қаңтар 2026
Мәжіліс депутаты азаматтардың өмірі мен жеке өмірін Конституцияда қорғауды ұсынды
-
13:32, 26 қаңтар 2026
Атыраудағы ерлер түрмесінде өрт шықты: бір сотталған жарақат алды
-
13:21, 26 қаңтар 2026
Маңғыстауда он шақты үйді су басты
-
13:13, 26 қаңтар 2026
Қазақстандық каратэші Түркиядағы турнирде жеңіске жетті
-
13:02, 26 қаңтар 2026
Шымкентте есірткі таратумен айналысқан күдіктілер ұсталды





