Меркіде мерейлі істер жалғасын табуда

16:07, 13 желтоқсан 2019

Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында облыс әкімінің тапсырмасымен облыстың әрбір ауданына ұйымдастырылып жатқан баспасөз-тур Мерейлі Меркі жерінде жалғасын тапты.

Аудан әкімі Мейірхан Өмірбек әуелі БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Аудан әкімі өз сөзінде 90 жылдық тарихы бар ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына тоқталып, барлық салада серпін, ілгерілеу бар екенін баса айтты.Сонымен қатар, ауданның ауылшаруашылығы саласына жеке тоқталды. Мәселен Меркі ауданы асыраушы сала ауыл шаруашылығын өткен жылы жоғары көрсеткішпен қорытындылады. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы күнінде "Трансфер" ш/қ қант қызылшасы алқабынан гектарына 1200 центнерден өнім алып, рекордтық көрсеткішке жеткендігі үшін марапатталдығанына тоқталды. Ауданның өсіп өркендеуінде "Сыпатай батыр" ЖШС үлесі де зор. Шаруашылық егіс алқабының жекелеген жерден 70 цн, орташа 30 центнерден өнім алған. Шаруашылық басшысы қызметкерлеріне автокөлік сыйлауды дәстүрге айналдырған. Биыл 50-ші автокөлігін сыйға тартып, ел алғысына бөленді.

Сондай-ақ, жылдан жылға ауданда жаңа кәсіпорындар мен шағын зауыттар ашылуда. Тұңғыш Президент, Тәуелсіздік мерекелері қарсаңында мұнда 12 дәрігерлік ғимарат ел игілігіне берілсе, ағымдағы жылы 120 орындық білім ордасы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, "Кеңес" ауылдық округінде 50 орындық "Нұрбақыт" жекеменшік балабақшасы да өз есігін бүлдіршіндер үшін айқара ашты.
Баспасөз туры Мақсұт Несіпбаевтың "Ар-Ас" шаруа қожалығының жұмысымен танысудан бастау алды. Мұнда 100 бие сауылып, соңғы технологиялармен жабдықталған құрылғылардан күніне 70-100 литрге дейін қымыз шығарылуда. "Тау қымызы" аталған қымыз шөлмектерге құйылып, еліміздің бірнеше өңіріне экспортталуда.

Германиядан әкелінген бие сүтін салқындатқыш, жылытқыш құрылғылар қымызды үш айға дейін сақтауға мүмкіндік тудырады. Бұдан кейін ақпараттық топ өкілдері "Минасип" қожалығына арнайы барды. Шаруашылық басшысы Алипаша Ахметов жұмыс барысын таныстырды. еркі ауданында сүт бағытындағы жұмыстар алға ілгерілеуде.Жылына аудан аумағында 27 мың тонна сүт жиналса, оның 85 пайызы үй іргесінде сиыр ұстап, сүтін өткізіп отырған тұрғындар өткеруде. Мәселен, қожалық иесі 100 бас симментал тұқымды сиырды баптап, табысқа кенелуде. Ол мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланып, несие алудың арқасында ісін дөңгелетіп отыр. Күніне 1.8 тонна сүт жинап, "Меркі ірімшік" зауытына өткеруде. Ресейдің Алтай өлкесінен әкелінген сиырлардың біреуі 25 литр сүт беретін көрінеді.Шаруашылық 11 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Келесі кезекте Жамбыл ауылдық округіндегі Талдыбұлақ ауылында пайдалануға берілген фельдшерлік-акушерлік пунктіге табан тіредік. Көп жылдардан бері ауылдықтардың арманы болып жүрген дәрігерлік пункт ел игілігі үшін қызмет етуде. Барлық заманауи құрылғылармен жабдықталған ғимарат 10 келушіге бірден қызмет етуге даяр.

Ауданда жастарды кәсіпке тарту жолдары да бір жолға қойылыпты. "Жас кәсіпкер" бағдарламасы аясында 262 жас кәсібін ашуға 505 мың қайтарымсыз несие алып, өз кәсіптерін бастап та кеткен.

Ақтоған ауылдық округінің тұрғыны, жас кәсіпкер "Жаңашыл жоба" деп танылған жобасы арқылы 2,5 млн. теңге қайтарымсыз несие алып, жылыжайына қиярмен қатар лимон ағаштарын өсіруде. Алғашында қияр өндірісімен айналысқан жас кәсіпкер енді лимон өсіруді де қолға алыпты. Данияр Әбдіразақовтың айтуынша лимон үш жылдан кейін өнім бере бастағанда оның табысы 5 есеге асады деп күтуде. Өйткені бір тал лимон ағашы 40 келіге дейін өнім беріп, жүз жыл жасайды екен. Қандай кәсіп түрі болмасын, жалқауланбай еңбектенсе, табысы мол болары мәлім. "Не ексең соны орасың" демекші, меркіліктер еңбегінің жемісін көріп, ауданның әлеуетін көтеріп отырғаны анық.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!