Менингитке қатысты елдегі ахуал қандай

16:25, 22 қазан 2018

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылғы 22 қазандағы менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 85 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта ел аумағында менингококк инфекциясына шалдығудың кей кезде бірлі-жарым жағдайлары тіркелуде», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.

Ведомство мәліметінше, жалпы эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

«Катаралдық белгілері (тамақ қызару, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік) бар аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігерге жүгініп, оның барлық ұсынымдарын орындау қажет. Гигиенаны сақтап, ғимаратты жиі желдетіп, күн сайын ылғалды тазалау жүргізу керек», - делінген министрлік таратқан нұсқауларда.

Сонымен қатар мамандар салқын тиюден, ашығудан, ұйқының қанбауынан, күйзелістен сақтанып, қорғану керектігін алға тартуда. Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен аптада Ақмола облысының тұрғыны менингит күдігімен ауруханаға түсті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!