«Саяқ» кенішінде кеншілер қаза тапты
© Фото: Zakon.kz
5 қазанда Балқаш қаласының іргесіндегі "Саяқ" кен орнында екі кенші қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Патриот" Telegram арнасының хабарлауынша, 34 жастағы Дулат Игембаев пен 23 жастағы Мадияр Тұрысбаев газдан уланып, үшінші әріптесі ауруханаға түскен. Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі департаменті фактіні растап, мұны топтық жазатайым оқиғаға жатқызады.
"Осы топтық жазатайым оқиға бойынша комиссия құрылып, арнайы тексеру жүргізілуде", — деп хабарлады "Патриот" басылымына облыстық еңбек инспекциясы басқармасынан.
Қазақмыс оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олар шахтада көмірқышқыл газының бөлінуін хабарлады.
Шахтада көміртегі газы бөлінді. Барлық жұмысшылар жедел түрде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Өкінішке қарай, екі жұмысшы қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды, — деп жазылған ресми ақпаратта.
"Қазақмыс" басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмдардың отбасыларына қажетті барлық көмек көрсетіледі.
6 қазан күні түс ауа Ақтаудағы 4А ықшам ауданындағы Жартасты соқпақта ер адам қаза тапты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:13, 7 қазан 2024
2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскер қатарына шақырылады
-
11:54, 7 қазан 2024
Қуат Хамитов Алматыда жұдырықтасады
-
11:40, 7 қазан 2024
Белгілі сарапшылар АЭС құрылысы бойынша референдумның exit-poll деректеріне баға берді
-
11:26, 7 қазан 2024
Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі 7 қазандағы валюта бағамдары
-
11:12, 7 қазан 2024
Атом электр стансаларын салу жөніндегі референдумның алдын ала қорытындысы белгілі болды