Мен учаскелік полицейімді құрмет тұтамын

09:41, 16 қыркүйек 2019

"Біз өзіміздің учаскелік полиция инспекторымызды құрметтейміз. Оның атқарған қызметі мен тұрғындарға деген қарым-қатынасына ризамыз. Ол өз учаскесіндегі тәртіп пен тыныштыққа жіті назар аударып, құқық бұзушылықтардың орын алмауын қамтамасыз етеді. Жақында оның "Парасатты полицей" атты республикалық іс-шараға қатысып, топ жарғанын естіп, қуанып қалдық. Ең парасатты полицей – біздің учаскелік инспектор", - деді Алматы облысы Қаскелең қаласының тұрғыны Дарья Максимовна Коломиец.

"Ауладағы қабылдау" республикалық акциясы барысында Қарасай ауданы полициясының бастығы А. Даниярұлы жергілікті тұрғындармен кездесіп, халықтың ризашылығына бөленді. Кездесу барысында қалалық учаскелік полиция инспекторларының бірі – Оңғарбаев Ернар Алдабергенұлының еңбегін ерекше атап өтті.

"Полицейлер жұмысына ризамыз. Олар әрдайым жанымызда, көмек қолын созуға дайын. Осындай жастар өсіріп жатқан Сізге алғысымызды білдіреміз. Ол, ең алдымен, басшылық талабының күшті екенін көрсетеді",- деп атап өтті жергілікті тұрғындардың бірі.

Алматы облысының полицейлері таратқан ақпаратқа сәйкес, "Жолда қабылдау" және "Аулада қабылдау" республикалық акциясы барысында Алматы облысының аумағында тәртіп сақшылары 44 мобильдік пункт құрып, халықты қабылдауда. Полицейлермен қатар кездесуге жергілікті әкімдік, жеке сот орындаушылары және өзге де қызмет өкілдері тартылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!