Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру қағидаларына қандай өзгерістер енгізілді
© Фото: Zakon.kz
Үкіметтің 2026 жылғы 14 шілдедегі қаулысымен мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта тұрғын үйді жекешелендіру – Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұрып жатқан тұрғын үйді заңға сәйкес жеке меншігіне сатып алуы екені нақтыланған.
Сонымен қатар Қазақстан азаматтары республика аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тек бір тұрғын үйді жекешелендіруге құқылы екені көрсетілген. Бұл ретте купондық тетік арқылы жүргізілген жекешелендіру азаматтың мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жекешелендіру құқығын қайта жүзеге асыруына кедергі болмайды және бас тартуға негіз болып саналмайды.
Сондай-ақ негізгі жалдаушының отбасы мүшесінің бұрын жекешелендірілген тұрғын үйдегі 50% немесе одан аз үлеске ие болуы оның кейіннен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру құқығын пайдалануына кедергі келтірмейтіні айтылған.
Тұрғын үйді жекешелендіретін азаматтар оның құнын бөліп төлеу арқылы да төлей алады.
Атап айтқанда:
- қалдық құны 15 млн теңгеден төмен тұрғын үйді 10 жылға дейін бөліп төлеуге болады;
- қалдық құны 15 млн теңгеден жоғары тұрғын үйді 15 жылға дейін бөліп төлеуге мүмкіндік беріледі.
- Қаулы 2026 жылғы 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:05, 21 шілде 2026
Мас жұмысшы бастығының көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, жол апатына ұшырады
-
19:54, 21 шілде 2026
Цифрлық даму министрлігі ұялы байланыс тарифтерінің қымбаттауына қатысты түсінік берді
-
19:52, 21 шілде 2026
Бірыңғай банкаралық QR-кодқа кім жауапты
-
19:45, 21 шілде 2026
Жамбыл облысында өзбекстандық жас футболшылар жолда қалып қойды
-
19:23, 21 шілде 2026
Орталық Азия чемпионаты: қазақстандық волейболшылар кімдерге қарсы ойын өткізеді





