Мемлекет басышысы Теміртауда қалпына келтірілген трамвай жүйесінің жұмысымен танысты

13:25, 2 қараша 2026
MKZ: 1575513

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртауда жаңартылған трамвай қозғалысы жүйесінің жұмысын көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды.

Президент трамваймен Республика даңғылынан "Инженер" аялдамасына дейін жүріп өтті. Осылайша атқарылған жұмыстардың сапасымен және жаңартылған көлік инфрақұрылымының пайдалануға дайындығымен танысты.

Qarmet компаниясы трамвайды қала тұрғындарының игілігіне екі жыл бұрын берген. Содан бері бұл қоғамдық көлік миллионнан астам жолаушы тасымалдаған.

Тоқаев Теміртауда қалпына келтірілген трамвай жүйесінің жұмысымен танысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2026 13:25

Сурет: akorda.kz

Қалада трамвай жолының 30 шақырымы қалпына келтіріліп, рельстері ауыстырылды. Сонымен қатар жаңадан заманауи сегіз вагон сатып алынды. Бұл трамвайлардың кестеге сәйкес тұрақты қатынауына мүмкіндік берді.

Тоқаев Теміртауда қалпына келтірілген трамвай жүйесінің жұмысымен танысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2026 13:25

Сурет: akorda.kz

Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін рельсті көлікте электронды төлем жүйесі орнатылған. Ал Qarmet кәсіпорнының қызметкерлері мен ардагерлері трамваймен тегін жүреді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!