Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

17:05, 1 қараша 2026
MKZ: 1575406

© Фото: zakon.kz

Жезқазған қаласында төрт қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде асүй жиһазы мен тұрмыстық техника жанған. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында баспалдақ арқылы жеті адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тағы төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды.

Өрт 12 шаршы метр аумақты шарпыды. Тілсіз жау толықтай сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!