Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды
© Сурет: adebiportal.kz
Сенбіде вице-президент Ерлан Қариннің төрағалығымен 2026 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев ұсынылған еңбектердің қоғамдағы талқылану барысы туралы баяндама жасады.
Зиялы қауымның беделді өкілдерінен құралған комиссия мүшелері әдебиет, театр, музыка және бейнелеу өнері салалары бойынша Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне өткен 7 жұмысты қарады.
"Комиссия дауыс беру қорытындысы бойынша 2026 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығына ұсынылған туындыларға қатысты ортақ келісімге келе алмады. Сондай-ақ отырыс барысында аталған комиссия қызметін жетілдіру, атап айтқанда, жұмыстарды бағалау шарттарын қайта қарау, сараптамалық сүйемелдеу тетіктерін жетілдіру және конкурстық іріктеу рәсімдерін жүйелеу ұсынылды. Осылайша, биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілмейтін болды", делінген хабарламада.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 24 наурыздағы №292 Жарлығымен Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының атауы Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы деп өзгертілген болатын.
Бұған дейін Ақордада Ерлан Қариннің төрағалығымен ішкі саясат мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:41, 1 қараша 2026
«Тұман түсіп, көктайғақ болады». Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:05, 1 қараша 2026
Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды
-
16:43, 1 қараша 2026
Ақтауда ер адам баласын ауруханаға жатқызудан бас тартқан дәрігердің жағасынан алды
-
16:02, 1 қараша 2026
«Қар жауып, үсік жүреді». Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы
-
15:46, 1 қараша 2026
Атырауда қонақүй өртенді





