Қызметкер жұмысқа кешіккені үшін жұмыс беруші айыппұл сала ала ма
© Фото: pexels
Жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа кешіккені немесе жұмыс барысында қателік жібергені үшін айыппұлға тарта ала ма? Бұл сұраққа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еңбек министрлігінің түсіндіруінше, еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші қызметкерлерден еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауды және лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауды талап етуге құқылы. Алайда жұмысқа кешіккені, жұмыс барысында қателік жібергені немесе басқа да тәртіптік теріс қылықтары үшін ақшалай айыппұл салу заңнамада көзделмеген.
ҚР Еңбек кодексінің 64-бабына сәйкес, тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерге жұмыс беруші мынадай тәртіптік жаза қолдана алады:
- ескерту;
- сөгіс;
- қатаң сөгіс;
- Еңбек кодексінде көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу.
Еңбек кодексінде және республиканың заңдарында көзделмеген өзге де тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.
"Мысалы, қызметкер жұмысқа 20 минут кешіксе, жұмыс беруші оған өз бетінше 10 мың теңге айыппұл белгілеп, бұл соманы жалақысынан ұстап қала алмайды. Заңды негіздер болған жағдайда ол белгіленген рәсімді сақтай отырып, заңнамада көзделген тәртіптік жазалардың бірін қолдана алады", – деп түсіндірді Еңбек министрлігі.
Сонымен қатар тәртіптік жаза өз бетінше тағайындалмауы керек. Жұмыс беруші жаза қолданар алдында қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Жаза түрін таңдаған кезде жасалған теріс қылықтың сипаты мен ауырлығы, сондай-ақ оны жасауға себеп болған мән-жайлар ескерілуі тиіс.
Заңсыз ақшалай айыппұлдар мен заңнамада көзделген жалақыдан ұстап қалу жағдайларын да бір-бірінен ажырата білу қажет.
ҚР Еңбек кодексінің 115-бабында қызметкердің жалақысынан ұстап қалуға болатын негіздер белгіленген. Кейбір өзге жағдайларда мұндай ұстап қалуға қызметкердің жазбаша келісімі болған кезде ғана жол беріледі.
Осылайша, еңбек тәртібін бұзғаны үшін ақшалай айыппұл салу мен заңды негізде жалақыдан ұстап қалу – екі түрлі ұғым.
Жұмыс беруші заңнамада көзделген тәртіптік жазаларды ақшалай айыппұлмен алмастыруға құқылы емес.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:45, 2 қараша 2026
2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:39, 2 қараша 2026
Қазақстанда әйелге тиіскен шетелдік 15 тәулікке қамалып, елден шығарылды
-
11:19, 2 қараша 2026
Қызметкер жұмысқа кешіксе жұмыс беруші айыппұл сала ала ма
-
11:02, 2 қараша 2026
Жыл соңына дейін Қазақстанда тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші қаншаға жетеді
-
10:45, 2 қараша 2026
Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді





