Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты
© Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 18 ақпанда "Қазақмыс" корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда ақпаратынша, Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.
"Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Ұлытау облысында кеніште тау-кен массасы опырылып, жеті шахтер үйінді астында қалып кеткендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:11, 6 наурыз 2026
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Ұлттық банк басшысы Қазақстан экономикасына әсерін түсіндірді
-
12:54, 6 наурыз 2026
Ұлттық банктің болжамы: Таяу Шығыс қақтығысы Қазақстандағы инфляция мен мұнай бағасына қалай әсер етеді
-
12:38, 6 наурыз 2026
Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді: қалалар мен күндері белгілі болды
-
12:16, 6 наурыз 2026
Алматыда еріктілер қозғалысы жаңа кезеңге қадам басты
-
12:02, 6 наурыз 2026
Ұлттық банк базалық ставканы 18% деңгейінде қалдырды





