Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэні қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Президент Токио губернаторының сапары Қазақстан мен Жапония арасында орнаған кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің 10 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын, мұның символдық мәні бар екенін атап өтті.
"Сізді жаһандық деңгейдегі көрнекті саясаткер ретінде танимыз. Көреген басшылығыңыз бен еліңіз үшін ұзақ жылдар бойы атқарған қызметіңіз құрметке лайық. Қазақстан жұртшылығы Сізді мемлекет қайраткері және еліміздің досы, серіктесі деп біледі. Қазақстанның тарихы мен мәдениетін дәріптеуге бағытталған еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Бұл қос халықтың ынтымағын арттыра түседі", – деді Мемлекет басшысы.
"Мен Токионың "Ақылды қала" бағдарламасымен таныстым. Бұл біздің қызығушылығымызды тудырды. Себебі елімізде де Smart City тұжырымдамасын ілгерілетіп отырмыз. Сіздің Астанаға келген сапарыңыз пайдалы боларына сенімдімін. Өйткені біз ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және мегаполисті басқару тәжірибесін зерделеуге ынталымыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Сіздің көшбасшылығыңызды, сондай-ақ экономикалық өсім, жасанды интеллект, цифрландыру және инвестиция тарту бағыттарын дамытуды көздейтін іргелі реформаларыңызды жоғары бағалаймын. Қазақстан өңірдегі экономикасы ірі, ресурсы мол ел ретінде Еуропа мен Азияны жалғайтын Орталық Азиядағы басты хаб рөлін нығайтып келеді", – деді Юрико Коикэ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:28, 22 мамыр 2026
Гонконг, Макао және Сингапур: Қазақстан халықаралық келісімдердің маңызды кезеңін аяқтады
-
14:13, 22 мамыр 2026
Атырауға үш өңірдің полицейлері жиналды: қалада алыпқашпа сөз көбейіп, жұрт дүрлігуде
-
14:06, 22 мамыр 2026
ҰҚК 61 жастағы бельгиялық кәсіпкерді іздеуге жариялады
-
13:53, 22 мамыр 2026
ІІМ ата-аналарды шомылу маусымында балалар қауіпсіздігін күшейтуге шақырды
-
13:40, 22 мамыр 2026
Бірден аға лейтенант: Қазақстанда әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектері үшін ережелер өзгертілуде





