Бірден аға лейтенант: Қазақстанда әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектері үшін ережелер өзгертілуде
© Сурет: gov.kz
Қазақстанда әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерге әскери атақтар беру тәртібі өзгерді. Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 22 мамырда ҚР Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство 19 мамырда мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойғанын еске салды.
Осы заңды жүзеге асыру мақсатында "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңына толықтырулар әзірленді. Бұл өзгерістер оқуын тәмамдаған курсанттарға әскери атақ беру тәртібіне қатысты болып отыр.
"Қазақстанның және шет мемлекеттердің әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанын үздік бітірген түлектерге бұдан былай "аға лейтенант" әскери атағы беріледі. Сонымен қатар, оларға қызмет орнын өз қалауы бойынша таңдау құқығы берілмек",- делінген ақпаратта.
Аталған нормаларды "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңына сәйкестендіру үшін "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлық жобасы дайындалды.
"Мемлекет басшысы Жарлығының жобасы үздік түлектерге "аға лейтенант" әскери атағын берудің жаңартылған тәртібін заңды түрде бекітеді. Бұл заңнамалық жаңашылдық әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтып, курсанттардың оқуда және қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ынтасын арттыра түспек".ҚР Қорғаныс министрлігі
Жарлықтың жобасы 8 маусымға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:28, 22 мамыр 2026
Гонконг, Макао және Сингапур: Қазақстан халықаралық келісімдердің маңызды кезеңін аяқтады
-
14:13, 22 мамыр 2026
Атырауға үш өңірдің полицейлері жиналды: қалада алыпқашпа сөз көбейіп, жұрт дүрлігуде
-
14:06, 22 мамыр 2026
ҰҚК 61 жастағы бельгиялық кәсіпкерді іздеуге жариялады
-
13:53, 22 мамыр 2026
ІІМ ата-аналарды шомылу маусымында балалар қауіпсіздігін күшейтуге шақырды
-
13:23, 22 мамыр 2026
Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэні қабылдады





