Гонконг, Макао және Сингапур: Қазақстан халықаралық келісімдердің маңызды кезеңін аяқтады
© Сурет: ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты орнату мақсатында Гонконгқа жұмыс сапарымен барды.
2026 жылдың 22 мамырында Бас прокуратураның баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, сапар аясында Берік Асылов Гонконгтың Қауіпсіздік жөніндегі хатшысы Крис Тангпен кездесу өткізді. Ол өңірдің құқық қорғау және арнайы қызметтерінің, оның ішінде полицияның, көші-қон, кеден, қылмыстық-атқару, өртке қарсы және авиациялық-құтқару қызметтерінің жұмысын үйлестіреді.
Қазақстандық қадағалау органының басшысы атап өткендей, бұл кездесу іздестіріліп жатқан адамды ұстап беру және трансұлттық қылмыс түрлерімен бірлесіп күресу саласындағы құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту үшін ерекше маңызды.
Сұхбат барысында заңсыз шығарылған активтерді іздестіру және қайтару, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша:
- жасырынып жүрген қылмыскерлерді ұстап беру туралы;
- қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы;
- сотталған адамдарды беру туралы мемлекетаралық келісімдерге қол қойылды.
Келіссөздер соңында тараптар жедел және криминалистикалық ақпаратпен, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдана отырып өзекті қылмыс түрлерін тергеудің озық тәжірибесімен алмасуға уағдаласты. Сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын өзге де құқықтық мәселелер бойынша ынтымақтастықты тереңдетудің алдағы қадамдарын айқындады.
Атап өтсек, Гонконг әлемдегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі болып табылады. Осындай орталықтардың қатарына Макао да жатады. Екі күн бұрын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы онымен қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық шарттардың толық пакетіне қол қойды.
Еске салсақ, өткен жылдың қыркүйегінде Қазақстан Сингапурмен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қол қойған еді.
Осылайша, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Шығыс Азиядағы ірі офшорлық аймақтармен құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша халықаралық нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру жұмысын аяқтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:07, 22 мамыр 2026
Көлік полицейлері шетелдік қонақтардың Қазақстанда қауіпсіз бағдар алуына көмектесуде
-
14:54, 22 мамыр 2026
Қос аяғынан бірдей айырылған альпинист Эверестті бағындырды
-
14:46, 22 мамыр 2026
Маңызды нысандардағы төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға өзгерістер енгізілді
-
14:37, 22 мамыр 2026
Бостандық ауданындағы 67 үйдің қасбеті қалалық бағдарлама аясында жөнделеді
-
14:13, 22 мамыр 2026
Атырауға үш өңірдің полицейлері жиналды: қалада алыпқашпа сөз көбейіп, жұрт дүрлігуде





