Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

17:02, 19 ақпан 2018

Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективасын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!