Мемлекет басшысы: «Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн
© Сурет: akorda.kz
Астанада бүгін, 2026 жылғы 19 мамырда "Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік" атты халықаралық симпозиумда "Тарихты жеңімпаздар жазады" деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн" екенін жеткізді, деп хабарлайды Zakom.kz.
Президент бұл орайда тарихқа әділ әрі саяси тұрғыдан бейтарап баға беру маңызды екенін атап өтті.
"Тарихты жеңімпаздар жазады" деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн. Яғни жеңімпаздарды жазғыруға болмайды, әлем тарихының төрінен орын алып, зерттеушілердің мақтау-мадағына ие болады. Ал шағын және орта мемлекеттер, соның ішінде майданда жеңіліс тапқан елдер тарихтың тасасында қалады. Қазақстанда саясаттың пайдасы үшін көшпелі халықтарды жабайы, бей-берекет, тарих шеңберінен тыс күш ретінде көрсетіп, қуатты дала империяларын "мемлекет деңгейіне жете алмаған" деп төмендететін ескі догмалар мен қасаң көзқарастарды қайта қарау үдерісі басталып кетті". Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұл ретте ол шынайы тарихнаманы қалпына келтіре отырып, өткенді әсірелеуден аулақ екенін атап өтті.
"Тарих өзіне тәнті болған жалған әрекеттерді, ортақ мұраны жекелеген халықтың қанжығасына байлап беруді кешірмейді. Кереғарлықтар мен кедергілерге толы бай тарихымызды біржақты түсіндіруге қойылатын талап ғылымның құлдырауына және өзара сенімнің жоғалуына әкелетін тұйыққа тірейді. Сонымен қатар кәсіби тарихшылар қауымдастығында "жұмсақ күш" пен ғылыми дипломатияның өкілдері де бар. Олар саясаткерлер қамал тұрғызатын жерде көпір салуға қабілетті. Тарихшылардың миссиясы қазіргі алмағайып кезеңде маңызды болып тұр",- деді ол.
Бұған дейін президент жыраулар мұрасының ортақ түркі қазынасы екенін айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:40, 19 мамыр 2026
Тоқаев: Алтын Орданың экономикалық құрылымын жан-жақты зерттеген жөн
-
15:33, 19 мамыр 2026
Мемлекет басшысы Алтын Орда мәселесін зерделеу бойынша іргелі бастамаларды қолға алуды ұсынды
-
15:26, 19 мамыр 2026
Мемлекет басшысы зияткерлік мұраны зерделеу қажет екенін айтып берді
-
15:22, 19 мамыр 2026
Президент: Ата-бабадан қалған мұраны заманауи құндылықтармен және озық технологиямен ұштастыру маңызды
-
15:15, 19 мамыр 2026
Тоқаев жаңадан ензілген марапаттар жайлы мәлімдеме жасады





