Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының короліне құттықтау жеделхатын жолдады

17:00, 23 қыркүйек 2026
MKZ: 1568466

© Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылы 23 қыркүйекте Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен оның отандастарын Корольдіктің Ұлттық күнімен құттықтады.

"Президент Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық және өзара қолдау рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі мен ел басшылығының жауапты қызметтеріне толағай табыс, ал сауд халқына құт-береке тіледі", делінген құттықтау жеделхатында.

Бұған дейін Мемлекет басшысы бүгін, 2026 жылғы 23 қыркүйекте, Астанада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясына қатысқан болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!