Азиада-2026: Ушудан қола жүлдегер атанған отандасымыз ертең басқа салмақта «алтынға» таласады

17:15, 23 қыркүйек 2026
MKZ: 1568469

© Сурет: Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Қазақстандық спортшы Әлижан Аблағатов ушу-саньдадан Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Әлижан Иран өкілі Эрфан Мохаррами Пирагомнан жеңілді.

Осылайша жерлесіміз 2026 жылғы Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады. Бұл - Қазақстанның ушудан Азия ойындарындағы алғашқы медалі.

Сондай-ақ 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде де жартылай финалға өткен Абдурашид Абдуллаев Тайбэй өкілі Хуан Жангпен кездесіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ертең отандасымыз финалда Иран өкілі Сохеил Мусавимен кездесіп, "алтынға" таласады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!