Бүгіннен бастап Қазақстан мен БАӘ арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісім күшіне енеді
© Сурет: gov.kz
2026 жылғы 25 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісім күшіне енеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары барысында қол қойылды. Жаңа келісім екі ел азаматтары үшін қосымша мүмкіндіктер ашып, ұлттық жүргізуші куәліктерін пайдалану және айырбастау рәсімін едәуір жеңілдетеді.
"Енді Біріккен Араб Әмірліктерінде уақытша болатын Қазақстан азаматтары Әмірліктердің заңнамасына сәйкес қазақстандық жүргізуші куәлігін пайдалана алады. Ал тұрақты тұруға көшкен жағдайда "B" санаты (жеңіл автомобильдер) және "B1" кіші санаты (үш дөңгелекті көлік құралдары мен квадроциклдер) бойынша теориялық және практикалық емтихандарды тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін айырбастай алады. Дәл осындай тәртіп Қазақстанға тұрақты тұруға көшкен Біріккен Араб Әмірліктері азаматтарына да қолданылады. Жүргізуші куәлігін айырбастау үшін жарамды ұлттық жүргізуші куәлігі, қолданыстағы тұруға ықтиярхат, құжаттың ресми аудармасы (БАӘ-де – араб тіліне, Қазақстанда – қазақ немесе орыс тіліне), сондай-ақ міндетті медициналық тексеруден өткені туралы құжат қажет." ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Сондай-ақ бұл ретте ұлттық жүргізуші куәлігі тәркіленбейді. Айырбастау рәсімі аяқталғаннан кейін екі мемлекеттің құзыретті органдары бір-бірін жүргізілген рәсім туралы ғана хабардар етеді.
"Жеңілдетілген тәртіп тек "B" санаты мен "B1" кіші санатына ғана қолданылады. Өзге санаттар бойынша жүргізуші куәліктерін айырбастау қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Аталған келісімнің күшіне енуі Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы кезекті маңызды қадам және екі ел азаматтары үшін әкімшілік рәсімдерді анағұрлым жеңіл әрі қолжетімді етеді". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарын шетелде жүрген кезде барған елдің заңнамасын қатаң сақтауға, оның дәстүрлерін, қоғамдық тәртіп қағидаларын және мәдениетін құрметтеуге шақырады. Әрбір азамат шетелде өзін ғана емес, өз мемлекетін де танытады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:38, 25 шілде 2026
Зорлық-зомбылық жасады деп айыпқа ілінген ХҚС Бас прокуроры отставкаға кетіп тынды
-
10:16, 25 шілде 2026
Германиядан келген қонақтар Қазақстан полициясына алғыс білдірді
-
10:09, 25 шілде 2026
Дастан Сәтпаев «Челси» сапында 36-шы нөмірде өнер көрсетеді
-
09:53, 25 шілде 2026
Бүгіннен бастап Қазақстан мен БАӘ арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісім күшіне енді
-
09:07, 25 шілде 2026
Мемлекет басшысы Путиннің шақыртуымен Ресейге барады





