Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне су тасқыны кезеңнінде көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді
© Сурет: akorda.kz
Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында осынау қиын-қыстау күнде көмек қолын созғаны үшін ел президентіне және Өзбекстан халқына алғысын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты тілеулестік танытып, көмек көрсеткені үшін Шавкат Мирзиёевке және бауырлас Өзбекстан халқына алғыс айтты.
Президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Тараптар екіжақты қатынастар мен өңірлік деңгейдегі кооперацияның қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 24 қаңтар 2025
ITF W15: Түркиядағы беделді жарыста отандастарымыз финалда өнер көрсетеді
-
22:49, 24 қаңтар 2025
«Сынап бағаны -40°С-ді көрсетеді». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:27, 24 қаңтар 2025
Бір қолға 5 келі картоп. Астанада енгізілген шектеу алынып тасталды
-
21:05, 24 қаңтар 2025
Автобустағы жанжал. Әйелді ұрған 61 жастағы қостанайлық ұсталды
-
20:54, 24 қаңтар 2025
Шымкентте шенді мен медбике мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан пара алып келген