Мемлекет басшысы Нигерия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

13:00, 1 қазан 2026
MKZ: 1569917

© Сурет: akorda.kz

2026 жылдың 1 қазанында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерияның Тәуелсіздік күніне орай президент Бола Ахмед Тинубуға құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті еліміз Нигерияны Африкадағы сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын, сондай-ақ саяси диалогты нығайтуды және сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруды қолдайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Нигерия халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!