30 қыркүйектегі саудада доллар бағамы өсті
© Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 30 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,59 теңгеге көтеріліп, 440,86 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 5,23 теңгеге дейін өсті (+0,02).
Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 65,81 теңгені құрады (+0,35).
Ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алу және сату бағамы 437,8–440 теңге, еуро – 498,5–503 теңге, рубль – 4,96–5,08 теңге аралығында.
30 қыркүйекте әлемдік биржаларда мұнай бағасы да өсіп жатыр.
Лондондағы ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,63 долларға көтеріліп, барреліне 103,22 доллар болды.
Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 0,29 долларға қымбаттап, 89,67 долларға жетті.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 439,37 теңге, еуроны 498,6 теңге, рубльді 5,22 теңге деп белгіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:47, 24 қараша 2026
24 қарашадағы саудада доллар 3,19 теңгеге қымбаттады
-
11:31, 24 қараша 2026
Астана, Алматы және Шымкенттің айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
15:56, 23 қараша 2026
23 қарашадағы биржа саудасында валюта бағамдары қалай өзгерді
-
11:37, 23 қараша 2026
23 қарашада Астана, Алматы және Шымкентте доллар, еуро мен рубль қанша тұрады
-
11:38, 22 қараша 2026
Астана мен Алматының ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 22 қараша





