Алғашқы кездесуде жас жігіт қызға пышақпен шабуыл жасап, пәтерді өртеп жіберген
© Сурет: pixabay
Башқұртстанда 17 жастағы қыз интернет арқылы 19 жастағы жігітпен танысып, ұзақ уақыт хат алмасқан. Алайда бұл таныстық қыз үшін қайғылы аяқталған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Mash Batash Telegram-арнасының мәліметінше, оқиға Сибай қаласында жастар екі бөлмелі пәтерде бірге болған кезде орын алған.
Жас жігіт қызға пышақпен шабуыл жасап, оған бірнеше рет жарақат салған. Оған не себеп болғаны әзірге белгісіз. Осыдан кейін ол пәтерді өртеп жіберген.
Өрт қойған жігіттің өзі ауыр күйік алған. Ал қыз аман қалған. Оны ауруханаға жеткізіп, жансақтау бөліміне жатқызған. Қыздың жүрегі тоқтап қалғанымен, дәрігерлер оны аман алып қалған. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Жәбірленуші аталған пәтерге жігітпен алғашқы кездесуге барған. Бұл олардың алғаш рет жүзбе-жүз кездесуі болған. Кейін қыздың биыл Сибай колледжіне студент болып түскені белгілі болды.
Ал жас жігіт психиатрдың бақылауында тұрған.
Бұған дейін америкалық азаматтың метрода қайғылы жағдайда қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:12, 1 қазан 2026
Қазақстанда 60 жастан асқан қанша адам бар: саны ең көп өңірлер аталды
-
15:07, 1 қазан 2026
5 млн теңге талап етіп, масқаралаймын деп қорқытқан: Түркістан облысының тұрғыны ұсталды
-
14:48, 1 қазан 2026
Қазақстанда аэротаксилер мен дрондарға арналған ережелер әзірленді
-
14:37, 1 қазан 2026
Путинцева Азиада-2026 жартылай финалына жолдама алды
-
14:26, 1 қазан 2026
Қар көшкіні атақты шаңғышыны тірідей көміп кетті





