Мемлекет басшысы Молдава Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

11:10, 27 тамыз 2026
MKZ: 1563691

© Сурет: akorda.kz

2026 жылдың 27 тамызында Қазақстан президенті Молдава Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады.

Жеделхатта Қазақстан екі ел халқының мүддесі үшін кең көлемді бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екені атап өтілген.

Мемлекет басшысы Президент Майя Сандудың барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Молдова халқына құт-береке тіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!