Ресейде t.A.T.u. тобының концерті болмайтын болды
© Сурет: Instagram/t.a.t.u_official
27 тамызда Нижний Новгородта өтеді деп жоспарланған t.A.T.u. тобының концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірнеше рет кейінге шегерілген концерт ақыры мүлде болмайтын болды. Бұл туралы топ мүшелері 26 тамызда әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады.
Бастапқыда концерт 7 маусымда "Нагорный" спорт сарайында өтуі тиіс болған. Алайда ұйымдастырушылар себептерін түсіндірместен, шараны кейінге қалдырды. Кейін концерттің жаңа алаңда 27 тамызда өтетіні белгілі болды.
"Яндекс Афиша" платформасында билеттердің бағасы 6 549 рубльден басталған. Ал балкондағы ең қымбат орындардың бағасы 15 049 рубльге дейін жеткен.
Концерттің неліктен тоқтатылғаны әзірге айтылған жоқ. Билет сатып алған көрермендерге ақшасы белгіленген тәртіппен қайтарылатыны хабарланды.
Сондай-ақ америкалық рэпер Канье Уэстің Санкт-Петербургтегі концертіне қатысты жағдай да әзірге белгісіз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:59, 27 тамыз 2026
101 жастағы ер адам 80 жылдық некенің бес құпиясын ашты
-
12:53, 27 тамыз 2026
Ақтөбелік оқушы отбасында анасына пышақпен шабуыл жасап, ісі сотқа жетті
-
12:48, 27 тамыз 2026
Басына найзағай түскен әйел мерт болды
-
12:48, 27 тамыз 2026
Басына найзағай түскен әйел мерт қылды
-
12:40, 27 тамыз 2026
Тайландтан келген «кәдесый»: Ақмола тұрғыны пошта арқылы марихуана алдырмақ болған





