Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді
© Сурет: pexels
Чикагодан Цюрихке ұшып бара жатқан швейцариялық Boeing 777-300ER алыс қашықтыққа ұшатын ұшағы Атлант мұхитының үстінде апаттық сигнал беріп, бағытын өзгертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
RTL порталының мәліметінше, ұшақ Азор аралдарының бірі Терсейрадағы Лажеш әуежайына бағытталды. Әуе кемесі жергілікті уақыт бойынша сағат 08:30-да әуежайға аман-есен қонды.
Swiss International Air Lines әуе компаниясы апаттық сигнал беріп, бағытты өзгертудің себебі эконом-класта пайда болған өткір иіс екенін хабарлады. Оның нақты қайдан шыққаны анықталмаған.
"Барлық 222 жолаушы мен экипаж мүшесі ұшақтан қалыпты түрде түсті. Жолаушылардан бөлек, бортта екі ұшқыш пен 14 бортсерікті қоса алғанда, 16 экипаж мүшесі болды", – делінген компания хабарламасында.
Әуе компаниясы қонғаннан кейін шамамен бес жолаушы мен бір экипаж мүшесі профилактикалық медициналық тексеруден өткенін мәлімдеді. Оларда қысқа уақытқа көздің тітіркенуі, жүрек айнуы және бас ауруы байқалған.
Бұған дейін Қазақстан ұшақтарының бортында 230-дан астам тәртіп бұзушылық жасалғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:28, 26 тамыз 2026
Қытайдың қуатты S4000 дирижаблі алғаш рет 4000 метр биіктікте көкке көтерілді
-
12:17, 26 тамыз 2026
Асыл тастарға ұқсайды: сәулетшілер әлемдегі ең биік тұрғын үй ғимаратының құрылысын көрсетті
-
10:43, 26 тамыз 2026
Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай
-
14:59, 25 тамыз 2026
Арменияның бұрынғы президенті мен оның ұлы ұсталды
-
12:43, 25 тамыз 2026
Ғалымдар пластиктен печенье ойлап тапты





