Мемлекет басшысы ғалым-нейрохирург Серік Ақшолақовты қабылдады

14:57, 9 қыркүйек 2019

Мемлекет басшысы "Ұлттық нейрохирургия орталығы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Серік Ақшолақовты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне орталықтың соңғы 10 жылда атқарған жұмыстарының нәтижелері мен оны дамытудың келешегі жөнінде баяндалды.

Атап айтқанда, Серік Ақшолақов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталықта микронейрохирургия, эндоваскулярлық, эндоскопиялық, функционалды нейрохирургия сияқты жаңа бағыттардың пайда болғаны туралы айтты.

Сонымен қатар ол мекеме базасында аса күрделі нейрохирургиялық ота жасауға мүмкіндік беретін Орталық Азияда алғашқы "гамма-пышақ" кешенінің іске қосылатыны жөнінде хабарлады.

Мемлекет басшысы еліміздің барлық өңірін қамтуға тиіс жоғары білікті әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетудің маңызды екенін атап өтті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!