Мемлекет басшысы еліміздің креативті индустрия өкілдерімен кездесті

16:58, 18 наурыз 2024

© Сурет: akorda.kz

Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың танымал актерлармен, блогерлермен және музыканттармен кездесуінің кадрларымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 18 наурызда Қазақстанның шығармашылық саласының өкілдерімен кездескенін президенттің баспасөз қызметі нақтылады.

Президентке музыка, әлеуметтік желі, киноиндустрия, жасанды интеллект және киберспорт салаларында табысқа жеткен отандық жобалар таныстырылды, -деп жазылған ресми ақпаратта.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің креативті индустрия өкілдерімен кездесті , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2024 16:58

Сурет: akorda.kz

Жалпы суретте музыкант Иманбек Зейкенов, орындаушы RaiM, Мирас Жүгінісов, AYREE, сондай-ақ "Ирина Қайратовна" тобының әншісі бар. Кадрға актриса Құралай Анарбекова, танымал КВН ойыншылары мен блогерлер де түсті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!