Мемлекет басшысы БҚО-дағы су тасқынына байланысты жедел штаб отырысын өткізді
![](https://mail.kz/images/038d7c7683351d69d43d2fbbf5538393-slider.jpg)
© Сурет: aqorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазір тиісті мекемелердің бәрі белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Бірқатар аймақты қарғын су басып қалды. Кейбір жерде тасқын су көтеріліп жатыр. Бұл – табиғи апат. Қысқасы, алдымызда тұрған жұмыс өте ауқымды. Бәріміз бір ел, бір ұжым болып осы апатты еңсеруіміз керек. Басқа жол жоқ. Тасқын судың салдарын жою үшін нақты шаралар қолға алынды. Қауіп-қатердің алдын алу жұмыстары атқарылуда. Менің тапсырмам бойынша облыстардың әкімдері жұмысқа белсенді кірісті", – деді Президент.
Ақорда ресми сайтының мәліметінше, мемлекет басшысы су тасқынына қатысты жағдай әлі де өте күрделі екенін атап өтіп, мұндай көлемдегі тасқынның бұрын-соңды болмағанына назар аударды. Оның айтуынша, осыған ұқсас жағдай 1994 жылы болған. Алайда қазіргі су тасқыны одан әлдеқайда ауқымды.
![Мемлекет басшысы БҚО-дағы су тасқынына байланысты жедел штабтың отырысын өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2024 17:20](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2024-04-04/file-70a7a37b-ec93-494b-8b9f-d9fc89e952ac/800x450.webp)
Сурет: aqorda.kz
"Мен зардап шеккен аудандарды аралап шықтым. Апаттың ауқымын, шығынды көріп отырмын. Қаншама дүние-мүлік, электр желілері судың астында қалды. Жолдар мен көпірлер шайылып кетті. Барлық негізгі мәселе шешілгеннен кейінгі ең басты міндет – қайта қалпына келтіру. Үкіметке жаңа типтегі үйлер салу немесе бұрыннан бар үйлерді реконструкциялау жөнінде арнайы жоспар әзірлеуді тапсырдым. Бұл мәселені оңтайлы шешеміз деп ойлаймын. Ахуалдың ауыр екенін бұған дейін де айттым. Үкіметтің, Республикалық штабтың жетекшілігімен облыс әкімдері бұл міндетті дұрыс атқарады деп санаймын", – деді Президент.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 26 шілде 2024
Павлодарда автобус аялдамасы маңында бір бойжеткенді көлік қағып кетті
-
22:40, 26 шілде 2024
2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты ресми түрде басталды
-
22:25, 26 шілде 2024
Бай әзербайжанның үйінде қонақта болған қазақ блогері өз таңданысын жасыра алмады
-
22:25, 26 шілде 2024
Бай әзербайжанның үйінде қонақта болған қазақ блогері таңданысын жасыра алмады
-
21:50, 26 шілде 2024
«Аптап ыстық, қатты жел». Сенбіде еліміздің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды